https://dragmet.kz/news/316-rg-gold-poluchil-pervoe-zoloto-na-novom-gorno-metallurgicheskom-komplekse.html#sigProId04b972e550
Золотодобывающая компания RG Gold, разрабатывающая месторождение Райгородок в Акмолинской области, запустила новый горно-металлургический комплекс (далее - ГМК), способный перерабатывать до 5 млн тонн руды в год. Новое предприятие позволит компании довести годовой объем производства до 6 тонн золота в сплаве Доре.
ГМК был спроектирован международными инжиниринговыми компаниями с фокусом на автоматизацию производства и применение новейших технологий в металлургии. Завод построен за рекордные 1,5 года, генеральным подрядчиком «AAEngineering Group», и работает по методу CIP («Carbon in pulp» - «Уголь в пульпе»). Предприятие оснащено современным оборудованием от мировых лидеров, таких как Metso Outotec, ThyssenKrupp, FLSmidth, Weir Minerals, Roytec, Kemix. Применение высокотехнологичного оборудования позволяет обеспечить безопасность персонала и повысить эффективность производства при низких операционных затратах.
При проектировании и строительстве ГМК RG Gold следовала принципу нулевого уровня выбросов в окружающую среду. На предприятии будет производиться обезвреживание цианида в соответствии с международными требованиями. После предварительной очистки и обезвреживания все отходы будут направлены в хвостохранилище объемом свыше 8 млн кубических метров, специально построенном под надзором международных специалистов.
Генеральный директор RG Gold Лоуренс Россоу отмечает, что закончить строительство качественно и в срок компания смогла благодаря профессионализму проектной команды: «Огромным достижением является тот факт, что строительство горно-металлургического комплекса завершено всего за 18 месяцев, вопреки логистическим сложностям, вызванными пандемией и геополитической ситуацией. Проектная команда и генеральный подрядчик смогли выполнить то, что казалось невыполнимым».
Подход «Верного Капитала» в реализации любого проекта – придерживаться самых высоких стандартов качества, и новый комплекс не стал исключением. Мы за ответственное инвестирование и говоря о качестве, подразумеваем не только технические характеристики завода, но и его экологичность. Для нас, как для акционера важно, что мы шаг за шагом превращаем некогда малоперспективное месторождение в ценный актив, способный генерировать прибыль и поднимать благосостояние региона, - заявил Ерлан Оспанов, генеральный директор группы компаний «Верный Капитал».
Второй акционер RG Gold, американский фонд частных инвестиций Resource Capital Funds отмечает: “Мы инвестировали в RG Gold в 2018 году. Это был наш первый инвестиционный опыт в Казахстане, и с самого начала процесса дью-дилидженс мы были впечатлены уровнем профессионализма персонала и бережливого отношения к добыче полезных ископаемых с соблюдением интересов всех сторон, особенно местных жителей. Новое производство RG Gold соответствует лучшим отраслевым стандартам, что позволит компании расти и развиваться дальше”.
Проект строительства ГМК оценивается в 424 млн долларов США, 30% из которых было профинансировано за счет собственных средств акционеров, оставшиеся 297 млн долларов - за счет займа в Банке Развития Казахстана.
Запуск нового производства окажет мультипликативный эффект на развитие региона в виде новых рабочих мест и развития МСБ за счет поставки товаров и услуг крупному производственному предприятию. Для реализации проекта компания построила новый вахтовый поселок на 600 мест, дополнительно привлекла на работу более 350 человек, большинство из которых – местные жители. RG Gold на системной основе помогает близлежащим селам и выделяет образовательные гранты для местной молодежи. С 2015 года, когда компания перешла во владение группы «Верный Капитал», RG Gold выплатила более 45 млрд тенге налогов, и выделила более 1,5 млрд тенге на социальные и благотворительные проекты.
Справка:
RG Gold – золотодобывающая компания, разрабатывающая месторождение Райгородок в Акмолинской области. По международной классификации JORC запасы золота на месторождении Райгородок составляют 100 тонн, что делает его одним из самых крупных моно-месторождений золота в стране.
Группа компаний «Верный Капитал» приобрела месторождение Райгородок в 2014 году, создав компанию RG Gold. В декабре 2018 года американский фонд частных прямых инвестиций Resource Capital Funds стал вторым акционером в проекте, выкупив 35% доли в RG Gold. Акционеры инвестировали около 144 млрд тенге в увеличение объемов производства, запасов и ресурсов. Таким образом, запасы золота были увеличены в четыре раза (до 108 тонн), объемы производства - в три раза. До запуска нового ГМК RG Gold перерабатывал порядка 2,2 млн тонн руды и производил около 1.8 тонн золота в год.
Группа компаний «Верный Капитал» - основанная в 2006 году одна из крупных групп в Казахстане, специализирующаяся на прямых инвестициях (private equity) в частные компании. Портфельные компании группы представлены в таких отраслях, как банковский сектор, природные ресурсы, транспорт и логистика, телекоммуникации и медиа, потребительские товары и услуги, недвижимость.
Resource Capital Funds (RCF) – созданный в 1988 году фонд частных прямых инвестиций, специализирующийся на инвестициях в горнорудный сектор. С момента основания RCF инвестировала в более чем 200 горнодобывающих компаний в 51 стране.
RG Gold жаңа тау-кен металлургия кешенінде алғашқы алтынды өндірді
RG Gold жаңа кәсіпорнының іске қосылуымен жылына алты тонна алтын өндіреді
Ақмола облысындағы Райгородок кен орнын игеретін RG Gold алтын өндіру компаниясы жылына 5 млн тоннаға дейін кен өңдеуге қабілетті жаңа тау-кен металлургия кешенін (бұдан әрі - ТКМК) іске қосты. Жаңа кәсіпорын компанияға Доре қорытпасындағы алтынның жылдық өндіріс көлемін 6 тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Кешенді халықаралық инжинирингтік компаниялар өндірісті автоматтандыруға және металлургияда жаңа технологияларды қолдануға баса назар аудара отырып жобаланған. CIP («Carbon in pulp» - «Қойыртпақты көмір») әдісі бойынша жұмыс істейтін зауытты бас мердігер «AAEngineering Group» небәрі 1,5 жыл ішінде салып шықты. Кәсіпорын Metso Outotec, ThyssenKrupp, FLSmidth, Weir Minerals, Roytec, Kemix тәрізді әлемдік көшбасшылардың заманауи құрылғыларымен жабдықталған. Жоғары технологиялық құрылғыларды пайдалану персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және операциялық шығындарды үнемдей отырып, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
RG Gold ТКМК жобалау және салу кезінде қоршаған ортаға шығатын қалдықтардың нөлдік деңгейі қағидатын ұстанды. Кәсіпорында цианидті залалсыздандыру халықаралық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Алдын-ала тазартудан және залалсыздандырудан кейін барлық қалдықтар халықаралық мамандардың қадағалауымен арнайы салынған, көлемі 8 млн текше метрден астам қалдық қоймасына жіберіледі.
RG Gold Бас директоры Лоуренс Россоу құрылысты сапалы және мерзімді аяқтау жобалық топтың кәсібилігінің арқасында мүмкін болғанын атап өтті: «Пандемия мен геосаяси жағдайдан туындаған логистикалық қиындықтарға қарамастан, тау-кен металлургия кешенінің құрылысы небәрі 18 айдың ішінде аяқталғаны үлкен жетістік болып табылады. Жобалық топ пен бас мердігер мүмкін емес болып көрінген тапсырманы орындай алды».
Кез келген жобаны іске асырғанда «Верный Капитал» ең жоғары сапа стандарттарын сақтауға тырысады, жаңа кешенді салғанда да біз осы қағидатты ұстандық. Біз әр инвестициялық жобаға жауапкершілікпен қараймыз және сапа туралы айтқанда, зауыттың техникалық сипаттамаларын ғана емес, сонымен қатар оның экологиялық тазалығын да көздейміз. Акционер ретінде біз үшін кезінде келешегі жоқ деп саналған кен орнын тиімді әрі өңірдің әл-ауқатын көтеруге қабілетті активке айналдырғанымыз маңызды, - деп мәлімдеді «Верный Капитал» компаниялар тобының бас директоры Ерлан Оспанов.
RG Gold-тың екінші акционері, Resource Capital Funds американдық жеке инвестициялар қоры атап өткендей: «Біз 2018 жылы RG Gold-қа инвестиция құйдық. Бұл біздің Қазақстандағы алғашқы инвестициялық тәжірибеміз болды және дью-дилидженс процесінің басынан бастап біз жергілікті мамандардың біліктілігіне және пайдалы қазбаларды аймақ тұрғындарының мүдделерін сақтай отырып, барынша үнемді өндіруге деген ұмтылысына таң қалдық. RG Gold жаңа өндірісі ең жоғарғы салалық стандарттарға сәйкес келеді, бұл компанияның өсуіне және одан әрі дамуына мүмкіндік береді».
ТКМК құрылысының құны 424 млн АҚШ долларын құрады, оның 30%-ы акционерлердің өз қаражаты есебінен, қалған 297 млн доллары - Қазақстанның Даму Банкінен алған қарыз есебінен қаржыландырылды.
Жаңа өндірісті іске қосу өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді, олар ірі кәсіпорынға тауарлар мен қызметтерді жеткізе алады. Жобаны іске асыру үшін компания 600 орындық жаңа вахталық кент салып, қосымша 350-ден астам адамды жұмысқа тартты, олардың көпшілігі - жергілікті тұрғындар. RG Gold жүйелі түрде жақын маңдағы ауылдарға көмектеседі және жергілікті жастарға білім беру гранттарын бөледі. 2015 жылы «Верный Капитал» тобының иелігіне өткеннен бері RG Gold 45 млрд теңгеден астам салық төледі және әлеуметтік және қайырымдылық жобаларға 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Анықтама ретінде:
RG Gold – Ақмола облысындағы Райгородок кен орнын игеріп, алтын өндіруші компания. Райгородок елдегі ең ірі моно-алтын кен орындарының бірі болып табылады, JORC халықаралық классификациясы бойынша кен орнындағы алтын қоры 100 тоннаны құрайды.
«Верный Капитал» компаниялар тобы 2014 жылы Райгородок кен орынын сатып алып, RG Gold компаниясын құрды. 2018 жылдың желтоқсанында Resource Capital Funds американдық жеке тікелей инвестициялар қоры RG Gold-тың 35% үлесін сатып алып, жобаның екінші акционері болды. Акционерлер өндіріс көлемін, қорлар мен ресурстарды ұлғайтуға шамамен 144 млрд теңге инвестициялады. Осылайша, алтын қоры төрт есеге (108 тоннаға дейін), өндіріс көлемі үш есеге артты. Жаңа ТКМК іске қосылғанға дейін RG Gold шамамен 2,2 млн тонна кен өңдеді және жылына шамамен 1.8 тонна алтын өндірді.
«Верный Капитал» компаниялар тобы - 2006 жылы құрылған, жеке компанияларға тікелей инвестицияларға (private equity) маманданған Қазақстандағы ірі топтардың бірі. Топтың портфельдік компаниялары банк секторы, табиғи ресурстар, көлік және логистика, телекоммуникация және медиа, тұтыну тауарлары мен қызметтері, жылжымайтын мүлік сияқты салаларда қызмет етеді.
Resource Capital Funds (RCF) – тау-кен секторына инвестиция салуға маманданған, 1988 жылы құрылған жеке тікелей инвестициялар қоры. Құрылғаннан бері RCF 51 елдегі 200-ден астам тау-кен компаниясына инвестиция салды.